Тағы да «шымкентшелеу» шыға келді
Алаш көсемі Әлихан Бөкейханға 150 жыл толғанында, Алаш қозғалысына 100 жыл болғанында да ешқандай көзге көрінер іс-шаралар ұйымдастырылмаған Шымкентте жаға ұстатарлық жаңалық жария етіліпті. Бүкіл еліміздің тағы да «шымкентшелеу» деп шу етуіне қаланың әкімі Ғ.Әбдірахымовтың таяз ойлы тірлігі себеп болған көрінеді.Қала әкімі кешегі кеңес империясының көсемі Лениннің қайдағы ескерткішін жөндеуге қомақты қаржы бөліп, Ұлы Октябрь революциясының 100 жылдығына әлемде болмаған тарту жасап «Ғасыр адамы» болғысы келген сияқты.
Қаладағы «Металлург» саябағын қайта жөндеуге бөлінген 102 млн. таңге мемлекеттік бюджет қаржысының біраз бөлігін Лениннің ескерткішін қалпына келтіруге жұмсау қарастырылыпты. Шымкенттіктер Алаш қозғалысына 100жыл толуына орай саябақ жасап, Алаш қайраткерлерінің мүсінін қойса болмас па еді?
«Шымкенттік» патриоттық сана-сезімнің жеткен жері осы ма? Әлихан Бөкейханның 150 жылдығын облыстық деңгейде үлкен іс-шара етіп, қала жастарының басын қосып өнегелі іс жасауға болмас па еді?