Таксистпен төбелескен қыздар

Атырауда төрт қыз таксист жігітпен төбелесіп, жаға жыртысты. Бұл туралы NUR.KZ хабарлады. Аталмыш сайттың оқырманы редакция нөміріне төрт қызбен жаға жыртысып, төбелескен таксистің видеосын жолдады. Оқиға Атырау тасжолында орын алған.

«Қыздар мен таксист арасындағы төбелес Атырауда 14 қазан күні орын алған. Олар жолдың қақ ортасында төебелескен. Олардың жанына қаншама адам жиналса да, бір әйелден басқасы қол қусырып қарап тұрған. Дәл осы сәтте патрульдік полиция қызметкерлері де жанынан өтіп барады.

Төбелесіп жатқандар оларға мән-жайды бір-екі ауыз сөзбен түсірдірген соң, тәртіп сақшылары оқиға орынан тайып тұрған. Төбелескен таксистің автокөлігі мен полиция көлігінің нөмірлері видеоға түсіп қалған. Органдағылар бұл жайттың мән-жайын анықтасын», — дейді Instagram парақшасындағы million_kz001 паблигіне жазба қалдырғандар.

Атырау облысы бойынша ІІД видеоны жергілікті полиция бөлімшесіне тапсыруға уәде етті. Олар болған жайттың анық-қанығын анықтайтын болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.