ТҮРКІСТАН: ДЕБАТҚА ТҮСЕТІН ҮМІТКЕРЛЕР АРАСЫНДА ЖЕРЕБЕ ТАРТЫЛДЫ

Түркістан қаласында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының коференциясында дебатқа түсетін үміткерлер арасында жеребе тартылды. Жиында барысында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев коференцияны өткізу тәртібін түсіндіріп, саяси додаға түсетін қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Партияның облыстық филиалының коференциясында 23 үміткер дебатқа түседі деп күтілуде. Праймериз жеңімпаздарына мүмкіндік берілді. Сондай-ақ праймериз ережесіне сай осы өңірден сайланған қазіргі мәжіліс депутаттары партияның облыстық филиалының конференциясына қатысып, дебатқа түсу құқығына ие. Осы мүмкіндігін пайдаланып, дебатқа қатысуға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Құдайберген Ержан мырза да ниет білдіріп отыр. Тізімдегі азаматтар 4 топқа бөлініп, өзара дебатта өзара бақ сынайды. Конференция нәтижесінде ең жоғары дауыс жинаған 7 азамат ҚР Парламентінің Мәжілісінің депутаттығына үміткер ретінде ұсынылатын болады. Ендеше саяси додоға түскелі отырған барлық партияластарға сәттілік тілеймін», – деді Бейсен Дәулетұлы.
Партияның Түркістан облыстық филиалының ХL конференциясы Түркістандағы «Ақжайық» музыка мектебінде өтеді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.