Түркістан: Кәсіпкерлердің наразылығын тудырған кемшіліктер Антикор назарына ілінді

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке өңірлік кәсіпкерлер тарапынан 2019-2021 жылдар аралығындағы мемлекеттік кірістер басқармасының салық салу объектісіне үш жылдық бағалау жүргізу бойынша хабарламасына шағым келіп түсті.

Шағымдарды зерделеу барысында хабарламалардың дұрыс рәсімделмегендігі және хабарламада кәсіпкерлік субъектісінің камералдық бақылауымен белгіленген салық салуға жататын кәсіпкерлер объектілерінің нақты тізбесі көрсетілмегендігі анықталды.

Негізсіз хабарламалар арқылы кәсіпкерлерде үш жылдық салық төлеу түсінігі қалыптасып, өз кезегінде кәсіпкерлер тарапынан наразылықтың туындауына ықпал еткен.

Жедел әрекет ету арқылы аталған кемшіліктер Департаменттің тікелей араласуымен және Түркістан облысының Мемлекеттік кірістер департаментімен ескеріліп, нәтижесінде кәсіпкерлердің мәселелері өз шешімін тапты.

𝗖𝗮𝗹𝗹 𝗰𝗲𝗻𝘁𝗲𝗿 –𝟭𝟰𝟮𝟰

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.