ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІ МЕКТЕП КЛУБТАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ СЛЕТЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 13 қазан күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан обалысы бойынша Департаменті мен облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті.

Жиынға Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаментінің басшысы Хаким Көшқалиев, облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рахымбек Жолаев, облыстық Туризм басқармасының басшысы Гульмира Ахбердиева, «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Нұржахан Абуова, облыс аумағынан 300-ге жуық «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелері мен жетекшілері, сондай-ақ ұстаздары қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – патриоттық тәрбие мен ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу.

Жиында сөз алған Департамент басшысы Х. Көшқалиев: «Болашағымыздың іртетасы – бүгінгі өскелең жас ұрпақтың қолында екендігі белгілі. Сондықтан, егемен еліміздің ертеңі жарқын болуы үшін жас буынның тәрбиесі тұнық, елге деген сүйіспеншілігі берік болуы қажет. Соның ішінде, бүгінгі іс-шараның берері мол. Әділдікті ту етіп, адалдықты биік қойған жастарымыздың бүгінгі дайындығы көңіл қуантады. Баршаңызға сәттілік тілеймін», — деп «Адал ұрпақ» клубының мүшелеріне тілектестігін білдірді.

Түркістан облысына қарасты 17 қала/ауданнан бақ сынаған 17 команда екі кезең бойынша сынға түсті. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі 1 орынды Бәйдібек ауданы, ІІ орынды Жетісай мен Сауран аудандары иеленсе, үздік үштіктен Түркістан қаласы мен Түлкібас және Мақтаарал аудандары көрінді.

Жеңімпаз командаларға арнайы кубок пен грамота және Кентау, Арыс қалалары мен Төлеби, Келес аудандарына «Адал ұрпақ» номинациясы беріліп, дайындаған әскери жетекшілеріне Алғыс хат табыс етілді.

Сондай-ақ, жеңімпаздар «9 желтоқсан — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні» мерекесіне орай өтетін форумда Департамент тарапынан марапатталатын болады.

Айта кетсек, бүгінгі күні облысымыздың жалпы білім беретін мектептерінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтаудағы тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдесетін 913 «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылып, онда 600 мыңға жуық клуб мүшелері бар.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.