ТҮРКІСТАН: «ПАРАСАТТЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА» ТҰРҒЫНДАРДЫ АЛАҢДАТҚАН МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап беретін «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру міндеті қойылған.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұсынымымен Түркістан қаласы әкімдігінің жанындағы консультациялық-құқықтық қызмет көрсететін «Парасаттылық орталығы» ашылып, халықтың өзекті мәселелерін шешу бойынша шұғыл әрекет ету және азаматтардың құқығын жүзеге асыруда мемлекеттік органдардың өзара бірлесе әрекеттесуін қамтамасыз ету мақсатында өз жұмысын бастаған болатын.
Бүгінгі күні аталмыш орталықта Департаментпен алдын ала түзілген жоспарға сәйкес, жергілікті билік өкілдерінің лауазымды тұлғалары, адвокаттар және нотариустар, «Түркістан — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері жергілікті тұрғындардың мәселелерін жедел әрі бірлесе шешу, өтініштерді қабылдау, тегін құқықтық кеңес көрсету, меморгандардың бірінші басшыларының қатысуымен қоғамдық қабылдаулар, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша тұрақты негізде қызмет көрсетуде.
Бұл ретте, бүгін «Парасаттылық орталығында» Түркістан облысының адвокаты Салтанат Купжасарова және нотариус Акмарал Коканбаева азаматтарды жеке қабылдап, «Адал көмек» жобасы аясында тұрғындарға тегін ақпараттық-құқықтық көмектерін көрсетті. Және алаңдатқан түйткілді мәселелерге құлақ түріп, олардың шешілу жолдары бойынша нақты бағыт-бағдар берді.
Осы орайда, әр аптаның сәрсенбі күні 10:00-17:00 аралығында Түркістан қаласының адвокаттары мен нотариустары қарыз соманы және алиментті өндіру, мүлік даулары, жер мәселелері, мұрагерлік құқық және т.б. сауалдар төңірегінде Түркістан қаласы, Қазыбек би көшесі, №202 мекен-жайында орналасқан «Парасаттылық орталығына» тегін заңгерлік көмек көрсететінін хабарлаймыз!

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.