ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА 1200 ОРЫНДЫҚ ЖЕКЕМЕНШІК ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында 1200 орындықты құрайтын жалпы орта мектебі ашылды. Мектеп жеке кәсіпкер Н.Сулаймановтың қолдауымен салынған.
Жаңа мектептің ашылу рәсіміне облыс әкімі Д.Сатыбалды мен аудан әкімі Ұ.Сәдібеков қатысты. Өңір басшысы ұстаздарды жаңа ғимаратпен құттықтап, оқу жылына сәттілік тілеп, жеке кәсіпкердің игі ісіне алғысын жеткізді. Облыс әкімі жаңа ғимаратты аралау барысында облыс аумағындағы жекеменшік ғимарат салудан Сайрам ауданы көш бастап тұрғандығын ерекше атап өтті.
Жеке кәсіпкер Н.Сулаймановтың сөзінше, 2010 жылдан бастап несие алу жолымен жеке меншік негізде мектепке дейінгі және жалпы орта білім беретін мекемелердің құрылысын жүргізген. Инвестор биыл 7 мектептің құрылысын аяқтап, халыққа тапсырған. Бүгінгі таңда 10 балабақша және 10 мектептің құрылысы салынып, жалпы осы мекемелерде 12 мыңнан аса бала тәрбиеленуде. Барлық мектепте балалардың білім алуларына қажетті жағдайлар жасалған.
Түркістан облысының Өңірілік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.