ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЗАМАНАУИ СПОРТ АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

Сарыағаш ауданына қарасты Дарбаза ауылдық округінде спорттық нысандардың санын арттырып, жастарды спортқа баулу мақсатында заманауи спорт алаңшасы бой көтерді.
Аудан әкімі Мұхит Отаршиев спорт алаңшасының ашылу салтанатына қатысып, ізгі лебізін білдірді.
— Бұл — мемлекетіміздің ел келешегін, ұрпақ болашағын қамдастырып отырған салиқалы саясатының жарқын көрінісі. Бүгінгі пайдалануға беріліп отырған алаңша спортты сүйетін қалың жұртшылықтың, әсіресе, жастардың қымбатты ордасына айналсын. Келешекте республикамыздың намысын қорғайтын Азия, Әлем, Олимпиада чемпиондары шықсын! – деді аудан басшысы.
Айта кетсек, аталған спорт алаңшасы аудандық бюджет есебінен салынды. Жалпы ауданы 0,30 гектарды құрайтын спорт алаңшасында футбол алаңы, автотұрақ, сонымен қатар Workout-пен (жаттығу алаңшасымен) жабдықталған. Мұнда жақын маңда тұратын балалар волейбол, футболдан жарысып, қосымша спорт түрлерімен де айналыса алады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.