ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА АУЫЛДАРДЫҢ ЖОЛДАРЫ ЖАҢАРЫП ЖАТЫР

Түркістан облысы Түлкібас ауданында ауылдардың жолдары жаңарып жатыр. Бүгінгі таңда 37 шақырымды құрайтын 23 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде аудан аумағындағы елді мекендердің ішкі көшелерінің қанағаттанарлық жағдайы 84 пайызға жақсарады (қазіргі таңда 68 пайыз).
Бүгінде 23 көшенің 6 көшесінде асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. 5 көше жөнделіп жатыр. Ал, қалған 12 жолдың жөндеу жұмыстары бекітілген өндірістік кестеге сәйкес ағымдағы жылдың қазан айына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.