ТҮРКІСТАН: ЖАЗАҒА ТАРТУДАН БҰРЫН, СЫБАЙЛАСТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҢЫЗДЫ

Түркістан облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру және хабарлау мақсатында Түлкібас ауданына қарасты Ауыл шаруашылығы, жер қатынастар және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің ұжымымен кездесті.

Ерұлан Икрамұлының төрағалығымен өрбіген басқосуда, негізінен тұрмыстық жемқорлықтың алдын алу және оның туындауына жол бермеу тетіктері түсіндіріліп, Заңнамаға енгізілген түзетулер мен соңғы жаңашылдықтар таныстырылды.

Бұдан бөлек, пара алу, пара, сыйлық, сыйақы ұсыну, парақорлыққа делдал болу әрекеттеріне көрілетін жаза түрінің күшейтілгені мәлімделіп, ел мүддесі жолында адал қызмет етудің маңыздылығы ортаға салынды.

Жиын соңында арнайы әзірленген бейнеролик жиынға қатысушылар назарына ұсынылып, жиынға қатысушылар тарапынан туындаған бірқатар сауалдарға нақты жауаптар берілді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.