ҰШАҚТАР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР
* Тарихтағы ең алғаш ұшақты басып алу оқиғасы 1985 жылы Норвегия аспанында орын алған. Бір қызығы, басып алушы мұны мастықпен жасаған, ол бір жәшік сыраға ұшақты қайтаруға келіскен.
* Статистика бойынша, ауаға көтерілер сәттегі алғашқы 3 минут пен жерге қонар алдындағы соңғы 8 минут қауіпті.
* Әлемдегі ең ірі жолаушылар ұшағы – Airbus A380, оның бортына 850-ден астам жолаушы сыяды.
* Әлемдегі ең үлкен ұшақ – АН-225 Мрия . Қазір бұл ұшақтың тек біреуі ғана ұшып жүр.
* Алғашқы ұшақтар бу қозғалтқыштарымен жарақталған.
* Алғашқы «Флайер-1» ұшағы 1903 жылы АҚШ-та әуеге көтерілген. Оның ұшу ұзақтығы 12 секундқа созылып, 36,6 метр қашықтықты ғана еңсерген.
* «Темір жегіш» француз Мишель Лотито екі жылда «Cessna 150» ұшағын толықтай жеп бітірген.
* Статистика бойынша, ұшақтар жер бетіндегі ең қауіпсіз көлік түрі болып саналады.
* United Airlines авиакомпаниясы 1968 жылға дейін өз стюардессаларына тұрмысқа шығуға тыйым салған.
* Әлемдегі ең кішкентай ұшақ – «BD-5 Micro». Оның ұзындығы – 5 метр, салмағы – 162 кг.
* Әлемдегі ең қымбат ұшақ – «B-2 Spirit Stealth Bomber» бомбалаушы ұшағы. Ол 2,1 миллиард доллар тұрады. Бұл ұшақтың тек 20 данасы ғана шығарылған.