Ж.МӘКІШ, журналист: Ақтауда жаппай сүйiсуден жарыс өткiзгелi жатыр

Былтырлары супермаркетте жалаңаштанған жігіттерге тегін тамақ таратып, бір қарық қылып еді. Тамақ үшін әуретін ашып, тұрсиына дейін шеше салуға дайын тұрған жастарды көріп шошығам сол кезде. Айналдырған бір айдың ішінде қазақ жастары «шоқынып», ойына келгенін істеп, енді міне Ақтауда жаппай сүйісуден жарыс өткізгелі жатыр екен. Жастарды әдейі азғындыққа итеріп жатқан сияқты. Қазақ ешқашан көпшіліктің көзінше сезімге салынбаған ғой. Мәскеуде орыс қызын алған шешен жігітінің тойы болды. Сол тойдың ортасында қыз жақтан келген құдалар: «Горько, горько, горько!» деп қол шапалақтады. Шешен жігіті сонда: «Бізде бүйтіп туған-туыстың көзінше ашық сүйіспейді, ұят ол!» деп, сүйісуден бас тартты. Шешендер де риза болды, ішкен кезде ұятты ұра салатын құдалары да сөзге тоқтады. Кейде осындай азғындықты тоқтататын бір азаматтың алға суырылып шықпайтынына таң қаламын. Намыстан жұрдай болып, соншалықты дүмшеленіп, дүбәраланып кеттік пе, немене?

Alashainasy.kz

 

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.