Жаңаөзеннің жұмыссыз xалқы билікке талап қойды

QAZYGURT.KZ: Жаңаөзеннің жұмыссыз xалқы 19 ақпаннан бері қала әкімімен кездесуді сұрап, өздеріне 150 мыңнан жоғары жалақысы бар жұмыс беруін талап етіп келеді. 6 күннен бері олар қала әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімі орналасқан «Неке сарайы» ғимаратының маңына жиналып, мекеме алдын босатар емес

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Ысқақов xалық алдына шығып, оларды жұмыспен қамтуға уәде етті.

«87 адам оқуға жолдама алды. 91 адамды жұмысқа алдық. Ол бөлек әңгіме. Қазір 400 орын бар бізде. 100 мың теңгеден жоғары айлығымен.

Сізге тапсырма Әділбек Құлынтайұлы, Әрқайсымен жеке сөйлесіп, қолдарына анықтамасын бересіз «жұмысқа алынды» деген», – деді Ысқақов.

Еске сала кетейік, 2011 жылы Жаңаөзенде жұмысшылар наразылыққа шығып, соңы полицейлердің xалыққа оқ атуымен аяқталған. Салдарынан бейбіт адамдар қаза тапты.

 

АҚПАРАТ көзі: gu-gu.kz

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.