Жарнама туралы қызықты деректер
* Жарнама әлемдегі ең маңызды және ең ықпалды өнер түрлерінің бірі деп танылған.
* Жыл сайын әлем бойынша жарнамаға жұмсалатын шығын $500 миллиардты құрайды.
* Тарихтағы ең алғашқы билборд 1900 жылы Америкада орнатылған.
* Жарнама кезінде қолданылатын біраз айла-шарғылар бар. Мысалы, мұз кесектері еріп кетпеуі үшін акрилден жасалады, ал сусындағы көпіршіктер – ыдыс жуу құралының әсері. Сусыннан жарық сәулесі анық көрініп тұруы үшін оған кәдімгі су қосылады.
* Америкадағы фармацевтикалық компаниялар зерттеу жұмыстарына қарағанда жарнамаға көбірек шығынданады.
* Мальборо темекісінің ең алғашқы жарнамасы 1955 жылы шыққан. Қызығы, осы темекінің жарнамасында ковбойдың рөлін сомдаған актерлердің бәрі уақыт өте келе өкпе қатерлі ісігінен көз жұмған.
* АҚШ-тың Ұлттық футбол лигасының Супер Боул 2011 ақтық ойынында берілген небәрі 30 секундтық әрбір жарнама үшін $3 миллион төленген.
* Ридли Скотт түсірген Apple Macintosh жарнамалық ролигі бір рет қана, Супер Кубок кезінде көрсетілген. Соның өзі тауардың алдағы тағдырына үлкен ықпал еткен.
* 2006 жылы газдалған тәтті сусын өндірушілердің жарнамаға жұмсаған шығыны $492 миллионды құрады.
* 1704 жылы Boston News Letter газетінде ең алғашқы ақылы жарнама жарық көрген. Бұл Лонг-Айлендтегі жекежайдың сатылатыны туралы хабарлама болатын.
* Бүкіл саяси жарнама тарихындағы ең қымбат сайлау 2008 жылға тиесілі. Сол жылғы Барак Обаманың жұмсаған қаражаты – $310 миллионды, ал Джон Маккейндікі — $136 миллионды құрады.
* Жарнама саласында фуд-стилист деген мамандық бар. Бұл кәсіп иелері жарнамаға арналған тамақтың тартымды көрінуін қамтамасыз етеді.
* Microsoft компаниясы Windows 95 бағдарламасының жарнамалық ролигіне Rolling Stones «Start Me Up» әнін пайдаланып, орындаушыларға $9 миллион төлеген. Ал бразилиялық Cansei de Ser Sexy тобы Apple iPod жарнамасына түскеннен кейін ғана атақты бола бастады.
* 1440 жылға дейін жарнаманың жалғыз түрі – дауыстап хабарлау болған.
* Жарнама берушілердің басым бөлігі – азық-түлік өндірушілер.
* 1963 жылы Рональд Макдональдтың ең алғашқы жарнамасы жарық көрді. Ал 2010 жылы американдық белсенділер оны елу жылдан астам балаларды зиянды тағамға үйір етіп, семіздік ауруларының кең тарауына ықпал етті деп айыптады.
* АҚШ-тың ғаламор жарнамаларына жұмсаған қаражаты 2000 жылы $8,1 миллиард болса, 2011 жылы – $32 миллиардқа, ал 2015 жылы – $45 миллиардқа жеткен.