Жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік  құқық бұзушылықтар

«Жеке бастың құқықығы туралы әкімшілік құқық бұзушылық» Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 10 тарауында  қамтылған. Атап айтқанда осы кодекстің 73-тен 100 дейінгі баптары.  Соның ішінде ерекше тоқтала кететіні аудандық ішкі істер бөлімінен қарау үшін   Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73 бабы «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» туралы істер басқа баптарға қарағанда сотқа көбірек түседі. Осы кодексте көрсетілген құқық бұзушылықтар бірінші рет жасаған адамға Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігінде көзделген жаза ескерту немесе үш тәулікке дейінгі қамаққа алынады.

Ал осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталаса жаза істеген іс әрекетіне сәйкес ауырлатылады. Яғни жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік  құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Конституциясында және басқа заңдарында азаматтардың бас бостандығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған. Егер өзінің өміріне, денсаулығына, қадіріне нұқсан келетін жағдай болса, адам мемлекеттік органдардан қорғаныс іздеуге, заң бойынша көмек сұрауға құқылы.

Адамның ең қарапайым да табиғи құқығы – өмір сүру құқығы болып табылады. ҚР Конституциясы бойынша ешкімнің өз бетінше азаматты өмір сүру құқығынан айыруға, адам өмірін жоюға хақысы жоқ. Бұл тұрғыда КР Конституциясы тұжырымдары «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясында» көрсетілген бағыттарға сәйкес келеді. Адамның жеке басының бостандығы мен ажырағыссыз құқықтарын Конституция қорғайды. «Ешкімді азаптауға, оған зорлық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық абыройын қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды» деп көрсетілген Қазақстан Республикасы Конституциясында.

Конституция адамның өнегелі сапасы – оның ары мен абыройын жоғары ұстайды. Барлық халықта ар мен абырой кісінің жоғары бағалайтын құндылықтарының бірі саналады. Қазақ халқының «малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деген мақалы арды қастерлеудің көрінісі болып табылады. Адамгершілікке негізделген қоғамда ар мен намыс заң жүзінде қорғалады. ҚР Конституциясы адамның ар мен абыройына қол сұғуға жол бермейді.

Заң бойынша, біреуді қорлау – қылмыс деп танылады. Тіл тигізу – жалпы адамзаттық ұстаным қағидасынан алып қарағанда, адамның қадірін қорлау болып табылады. Заң жеке адамның арын, ұжданын және абыройын қорғаумен бірге, оның өміріне басқа біреудің озбырлық жасауына жол бермейді.

Әрбір адамның ар-намысымен қадір-қасиетінің құрметтелуіне және қорғалуына құқығы бар. Осыған байланысты жеке адамның қадір-қасиетін мемлекет қорғайды. Ештеңе де оны кемсітуге негіз бола алмайды. Жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғатын қылмыстарға жала жабу және қорлау жатқызылады.

Қазақстан Республикасын адам және азамат құқығын құрметтеп сый лайтын мемлекет ретінде айқындайтын бірден бір белгі – Қазақстан аумағын мекендейтін халық мүддесінің мемлекет мүддесінен үстем тұруы, оған басымдылықтың берілуі. Конституцияның 12бабына сәйкес Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.

Арыс аудандық сотының судьясы Н.Ашенов                                                                                

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.