ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЕРЕЖЕСІН САҚТАУ МАҢЫЗДЫ

Өңірлік Полиция департаментімен бірге «Дұрыс емес көлік тұрағын анықтау» бойынша акция өтті.

Белсенділер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері көлік тұрақтауға тыйым салынған жерлерде, әрі мүмкіндігі шектеулі жандардың көлік қоятын тұрағына басқа көліктердің орналасуына рұқсат жоқ екені туралы ескертпе жұмыстар жүргізді.

Сондай-ақ көлік қозғалысы ережелерін бұзған және көшеден өту тәртібінен тыс әрекетке ұмтылған тұрғындарға түсіндіру жұмыстары және жадынамалар таратылды.

Күнделікті сіз жаяу жүргінші, автокөлік, велосипед немесе басқа да көлік құралдарының жүргізушісі ретінде жол қозғалысының қатысушысы болып табыласыз.

Сол себепті жол қозғалысы ережелерін білу – аса маңызды.

Заң талабы бәрімізге ортақ!

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.