ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕ ОҚЫЛАТЫН СҮРЕЛЕР МЕН ДҰҒАЛАР

Жүктілік кезінде әйел мен оның құрсақтағы сәбиінің өмірі қыл үстінде тұрады. Сондықтан, Алладан қорғаныш сұрап, жиі дұға жасап тұрған дұрыс. Әсіресе, аят әл-Курси, «Ясин» сүресі, «Мәриәм» сүресі, «Мухаммад» сүресін оқып жүрген жүкті аналарды Алла өз панасына алып, періштелері қоршап жүреді.

«Аллахумма ләкәл хәмду уә ләкә ш-шукру!». («Я, Алла, барлық мақтау-мадақ Өзің лайық, бір Өзіңе ғана алғысым шексіз!»).

Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қызы Фатиманың толғағы басталғанда, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оған Умму Сәләм мен Зәйнәб бинт Джахштты жіберіп, оларға Аятуль-Курсиді, «А’раф» сүресінің 54-ші аятын және «Фәләқ», «Нәс» сүрелерін оқуды әмір еткен (Ибн Сунни, 232-бет, №625).

Сонымен қатар, төмендегі аяттарды оқуға болады:

* «Рабби хәб-ли милләдунка зәррийяттайибәтән иннәкә сәмийу-д-дуа»

«Раббым! Маған қасыңнан игі ұрпақ бер. Шексіз Сен тілекті естушісің!» (Зәкария пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) дұғасы, «Әли Имран» сүресі, 38).

* «Раббәнә уәджалнә муслимәйни ләкә уа мин зуррийятинә уммәтә м-муслимәтәл-ләкә уа әринә мәнәсикәнә уа туб аләйнә уа иннәкә әнтә тәууәбу р-рахим»

Раббымыз, екеумізді де Өзіңе бой ұсынушы қыл, ұрпақтарымыздан да Өзіңе бой ұсынушы бір үммет қыла гөр, әрі бізге хаж амалдарымызды көрсетіп, тәубелерімізді қабыл ал, әлбетте Сен Өзің тәубені қабыл етуші, ерекше Мейірімдісің!»(Ибраһим мен Исмаил пайғамбарлардың (оларға Алланың сәлемі болсын) дұғасы; «Әл-Бақара» сүресі: 128)

* «Рабби хаб-ли минә с-салихиин»

«Раббым, маған жақсысынан бір ұл бер!» (Ибраһим пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) дұғасы; «әс-Саффат» сүресі: 100)

* «Раббәнә хәбләнә мин әзуаджжина уа зуррийятинә қуррратаюниу уаджальнә лильмуттақынә имәмә!»

«Раббымыз! Бізге жұбайларымыздан, ұрпақтарымыздан көзайымдық бер. Сондай-ақ бізді тақуалардың алды қыл!» (Құран, 25, 74).

* «Хасбуналлаху уаниғмаль уакиль»

«Бізге Алла жетіп асады, Ол нендей жақсы ие»(3, 173)

Алла Тағала болашақ аналардың барлығына нұрын төгіп, дені сау және салиқалы ұрпақ нәсіп еткей!

«Пайдалы кеңестер».

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.