«ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҒЫНДА 10 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Шымкент қаласында өткен жылы құрылған «Жұлдыз» индустриялық аймағында 608 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 5,8 млрд теңгені құрайтын 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобаларды осы жылдың соңына дейін іске қосу жоспарлануда.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған индустриялды аймақта жүргізіліп жатқан инженерлік-коммуникациялық желілер мен  кәсіпорын құрылысын аралап көріп, инвесторлардың ұсыныстарын тыңдады.

 

Қала басшысы ел Президентінің экономиканы әртараптандыру және импорт алмастыру жөніндегі тапсырмасын орындаудың бірден бір шарты – ол өңірде өндірістің дамуына қолайлы жағдай жасау және индустриалдық аймақтарды дамыту болып табылатынын жеткізді.  Сондықтан қалада құрылып жатқан жаңа индустриялды аймақтардың құрылысы мен  жұмыс істеп тұрған аймақтардың көлемін ұлғайту жұмысын жетелдетуді тапсырды. инженерлік инфрақұрылым жүйелерін сапалы және қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды.

Бүгінде аймақта жалпы ұзындығы 13,8 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары салынуда, оның 2,4 шақырымы орындалған. Бұдан бөлек, тартылуы тиіс болған 12,5 шақырым ауыз су жүйесінің 11 шақырымы, табиғи газдың 8,9 шақырымының 5 шақырымы, кәріз жүйесінің екі шақырымы мен электр жүйесі жұмыстарының 30 пайызы орындалып отыр.

Айта кетейік, жалпы ауданы 306 гектарды құрайтын «Жұлдыз» индустриялық аймағында жалпы құны 230 млрд. теңге болатын 50 жобаны жүзеге асыру болжануда. Нәтижесінде 5 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Кәсіпкерлік басқармасымен 30 әлеуетті инвестордың инвестициялық жобалар портфелі қалыптастырылды. Бұл жобаларды 2022-2025 жылдар аралығында  іске асыру жоспарлануда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.