Жұма-Назар СОМЖҮРЕК, ақын:    … намыссыз, рухсыз ұлт  боп барамыз

Зиялыларымыздың салғырттығы мен немқұрайлылығынан, дәрменсіздігінен масқара болып,мемлекеттік тіліміз әлі мүшкіл халде. Ұмытпасам,италияндық Гаспринский деген қоғам қайраткері: «Әлемнің көптеген елдерін араладым.Өзінің ана тілінде өмір сүре алмай отырған бір сорлы елді көрдім.Ол –Қазақстан»,- депті. Бірақ, бұған біздің зиялыларымыз ұялмайды,беттері бүлк етпейді,қызармайды.

Қазір біздің мемлекеттік тіліміз үшін Оғыз Доған атты түрік азаматы жан салып күресіп,соттарда жеңіп шығып жүр.Сөйтіп қазақтардың намысын оятып,тіл үшін нақты күреске шақыруда.Ал біздер әлі күнге өзімізбен өзіміз және балаларымыз бен немерелерімізбен орысша шүлдірлеп жүрміз.Елбасымыздың «қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін» деп жар салғанына да он жылдан асқан шығар.Ашығын айтайық, ақпақұлақ мәңгүртке айналыппыз.Дулат айтқандай, намыссыз, рухсыз ұлт боп барамыз.

qazaquni.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.