Жүрек дертінен арылтатын ғажайып қоспа

Емшараны қолданып көрген науқастардың әлеуметтік желілерде білдірген пікірлеріне қарағанда, оған тіпті баға жетпейтін көрінеді. Бұл қоспа жүрек ақауларын жоюға көмектесіп қана қоймай, иммунитетті де көтеріп, атеросклероз пен қаназдықтың алдын алады, сондай-ақ қантамырларды да нығайтады.

Бізге керегі:
* 1/3 стақан өсімдік майы (зәйтүн, күнбағыс)
* 250 г бал
* 3 лимон
* 100 г қараөрік қағы
* 100 г мейіз

* 100 г сарыөрік қағы
* 100 г грек жаңғағы
* 50 г долана
* 50 г итмұрын
* 4 дана кепкен інжір
* 50 г күнжіт
* 100 г кешью жаңғағы
* 100 г бадам дәні
Қазір нағыз маусымы болғандықтан, базарда не көп, долана көп. Итмұрын да кез-келген жерде қып-қызыл боп пісіп тұр. Ерінбесеңіз, жинап алыңыз немесе базардан сатып алыңыз, екеуі де өте арзан тұрады. Сонымен, долана мен итмұрынды дәнегінен ажыратып, ұсақ көзді еттартқыштан өткізіңіз. Одан әрі тазалап жуылған лимондарды, кепкен жемістерді де өткіземіз. Ең соңынан жаңғақтарды ұнтақтап қосып, өсімдік майы мен балды араластырамыз. Сосын қоспаны шағын құтыларға салып, 10 күн қараңғылау жерге қойып қоямыз. Енді дәмі аздап қышқылдау, бірақ өте дәмді емдік қоспамыз дайын. Оны күн сайын аш қарынға 1 ас қасықтан жеп тұру керек.

Ем болсын!

 

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.