Еврейлердің бизнес жүргізу қағидалары
- Өмірде тепе-теңдік маңызды.
- Өз шаруаңды өзгелерге жүктеуді үйрен.
- Тәкаппарлығыңды жеңіп, өзің керегін сұрап ал.
- Әрдайым басқалармен амандасып жүр.
- Уақытыңды босқа өткізбе.
- Айтатын нәрсең болса ғана сөйле.
- Өз өміріңді жоспарла.
- Жұмыскерлеріңнің еңбекақысын әрдайым уақтылы төле.
- Әр сөзіңе берік бол. Уәде еттің бе – орында.
- Серіктестеріңнің мүлкі сен үшін дәл өзіңдікіндей қымбат болсын.
- Айналаңда тек жақсы адамдар болсын. Жаман топтан және тіпті жаман көршіден де аулақ жүр.
- Шамшырағың сөнбейінше еңбек ет. Қандай жағдай болса да тек алға ұмтыла бер.
- Ешқашан біреуді қорлама.
- Егер біреу сені өлтіргісі келсе, оны бірінші болып «өлтір».
- Әрбір адам алғыс сөз естуге лайық.
- Уақытын босқа жіберген адам бағалы зат ұрлаған адамнан жаман. Өз уақытыңды басқара алсаң – ақшаны да басқарасың.
- Ойлағаныңның бәрін айта берудің қажеті жоқ.
- Жақсы атқарған жұмысың үшін өзіңді ынталандыр.
- Басшы өз қызметкерінің қалай өмір сүріп жатқанын білуі керек.
- Кейде егер сен жеткілікті етіп бергің келсе, жеткіліктіден де көбірек беруіңе тура келеді.
- Ақшаны қиналған уақытында бер. Адамның болашағына салынған бұл құнды инвестиция кейін саған жүз еселеп қайтады.
- Қолында барымен бақытты бола алған адам дәулетті.