Еврейлердің бизнес жүргізу қағидалары

  1. Өмірде тепе-теңдік маңызды.
  2. Өз шаруаңды өзгелерге жүктеуді үйрен.
  3. Тәкаппарлығыңды жеңіп, өзің керегін сұрап ал.
  4. Әрдайым басқалармен амандасып жүр.
  5. Уақытыңды босқа өткізбе.
  6. Айтатын нәрсең болса ғана сөйле.
  7. Өз өміріңді жоспарла.
  8. Жұмыскерлеріңнің еңбекақысын әрдайым уақтылы төле.
  9. Әр сөзіңе берік бол. Уәде еттің бе – орында.
  10. Серіктестеріңнің мүлкі сен үшін дәл өзіңдікіндей қымбат болсын.
  11. Айналаңда тек жақсы адамдар болсын. Жаман топтан және тіпті жаман көршіден де аулақ жүр.
  12. Шамшырағың сөнбейінше еңбек ет. Қандай жағдай болса да тек алға ұмтыла бер.
  13. Ешқашан біреуді қорлама.
  14. Егер біреу сені өлтіргісі келсе, оны бірінші болып «өлтір».
  15. Әрбір адам алғыс сөз естуге лайық.
  16. Уақытын босқа жіберген адам бағалы зат ұрлаған адамнан жаман. Өз уақытыңды басқара алсаң – ақшаны да басқарасың.
  17. Ойлағаныңның бәрін айта берудің қажеті жоқ.
  18. Жақсы атқарған жұмысың үшін өзіңді ынталандыр.
  19. Басшы өз қызметкерінің қалай өмір сүріп жатқанын білуі керек.
  20. Кейде егер сен жеткілікті етіп бергің келсе, жеткіліктіден де көбірек беруіңе тура келеді.
  21. Ақшаны қиналған уақытында бер. Адамның болашағына салынған бұл құнды инвестиция кейін саған жүз еселеп қайтады.
  22. Қолында барымен бақытты бола алған адам дәулетті.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.