Ең жылдам көлік

1997 жылы АҚШ-тың Блэк-Рок шөлінде жасалған рекорд дыбыстық кедергіні жеңудің алғашқы дәлелденген айғағы болып саналады. Турбожелдеткішті қозғалтқыш орнатылған Thrust SSC көлігін басқарған британдық Энди Грин көліктің жылдамдығын сағатына 1227,985 шақырымға дейін жеткізіп, көліктің бұрын-соңды болмаған көз ілеспес жоғары жылдамдығымен таңқалдырды.

Гиннестің рекордтар кітабында мұндай рекордты 1979 жылы «Эдварс» әуе базасында Budweiser Rocket Car автокөлігі жасағаны айтылады. Алайда бұл көрсеткіш ресми түрде тіркелмеген. Сондықтан, көшбасшы орын Thrust SSC көлігіне тиесілі.

Ал ең жылдам сериялық көлік — Hennessey Venom GT. Оның ең жоғары жылдамдығы — 435,31 км/с.      

qazaqjoly.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.