Қызметкерлерінің денесіне чип орнатпақ

Американың Three Square Market технологиялық компаниясы қызметкерлерінің терісінің астына микрочип орнатпақ. Чиптің көмегімен кеңсе есігін ашуға, компьютерді қосуға және автоматтан тамақ алуға болады.

Компанияның вице-президенті чип орнату қызметкерлердің өз еркімен жүзеге асырылатынын мәлім етті. Оның айтуынша, қазір 80 қызметкердің 50-і осыған келісімін берген. Бидайдың дәніндей чип шприц арқылы бас бармақ пен сұқ саусақ арасынан тері астына енгізіледі. Қызметкерлерге бұл тегін жасалады, алайда компания әр чипті орнатуға 300 доллардан төлейді.

«Қазақпарат».

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.