Табысты адамдар жол бермейтін 10 қателікТабысты адамдар жол бермейтін 10 қателік

 

  1. Олар ақшаны шашпайды; тапқанынан аз ақша жұмсайды. 
    Әйгілі миллиардер инвестор Джон Темплтон тіпті ісі нашарлағанның өзінде де әрдайым өзінің кірісінің 50%-ын сақтаған. Егер Сіз үшін бұл өте үлкен ақша болса, қапаланбаңыз, 10-15%-дан бастасаңыз, сәттілікке қалай жеткеніңізді өзіңіз де байқамай аласыз.
  2. Дегенмен, олар өнімнің бағасына қарамайды, оның құндылығын түсіне біледі.
    Табысты адамдар тауардың шынайы құндылығы туралы ойлайды. Айталық, олар инвестицияның болашақтағы өсімін есептейді. Киімге келсек, бұл жерде ең маңыздысы – оның сапасы. Мысалы, жақсы аяқ киімнің бағасы 200$ немесе одан жоғары болуы мүмкін, алайда Сіз оны ұқыпты ұстасаңыз, ұзақ уақыт кие аласыз.
  3. Олар банктік есепшоттарды қалай басқару керек екенін біледі.
    Табысты адамдар банк жөнелтетін барлық есептілікті мұқият қадағалайды. Өзіңіздің қаржылық шоттарыңызға үнемі талдау жасауға айына 5-10 минут жұмсай отырып, жүйенің жұмысымен мұқият танысасыз және өз қаражатыңызды жоспарлау қабілетіңізді шыңдай аласыз.
  4. Олар өмірінде болған үлкен өзгерістерден кейін де өз қаржысын ретке келтіруді ұмытпайды.
    Некеге тұрдыңыз ба? Балалы болдыңыз ба? Сіз осыларға дайын болдыңыз ба? Сіз өз қаржыңыздың үлкен бөлігін қаншалықты тиімді автоматтандырсаңыз, өміріңізде үлкен оқиғалар болған кезде қажетті түзетулерді енгізу соғұрлым оңайырақ болады.
  5. Олар тұрақты кірісті қанағат тұтпайды, әрдайым оны көбейтудің амалын ойластырады.
    Табысты адамдар өз кірісін инфляцияның «жеп қойғанын» күтпейді, оны көбейтудің амалын ойластырады. Бұл оларға жеке дамуы үшін, инвестициялар жасау үшін үлкен мүмкіндіктер ашып, қауіпсіздік сезімін ұялатады.
  6. Олар қаржылық есептілікті ескерусіз қалдырмайды. 
    Табысты адамдар барлық қаржылық шоттарды: инвестицияларды, банктік есепшоттарды, несие карталарын және т.б. қарау үшін ай сайын 30 минуттан 60 минутқа дейін уақыт бөледі. Бір кемшілікті анықтаған жағдайда, оларды түзету үшін шара қолданады.
  7. Олар өз ақшасын көзсіз тәуекелдікке тікпейді.
    Уоррен Баффеттің «Басты ереже – ақшаны ешқашан жоғалтпау» деген дәйексөзі жиі қолданылады. Қай жағынан алсақ та, барлық инвестициялар белгілі бір шамадағы тәуекелдік болып табылады, алайда табысты адамдар әр ісін ақылға салып, ысырапқа жол бермеудің амалын таба алады. Олар тәуекелдікті сақтандыру (мысалы, үйді, автокөлікті немесе өмірді сақтандыру) мәнін және активтерді әртараптандырудың маңыздылығын түсінеді.
  8. Олар «бәрін білемін» деп жасанды қылық танытпайды.
    Әлем өте күрделі – барлық табысты адамдар ақиқатты біледі және терең түсінеді. Мәселе ақшаға келіп тірелгенде, көп пікір айтылады. Міне, сондықтан да Уоррен Баффет сияқты табысты адамдар өз шамасын біледі және өзінің күшті жақтарына басым ден қояды.
  9. Олар сарапшыларға жауапкершілік жүктемейді.
    Қаржылық істі жоспарлаған кезде салық саласындағы маманнан кеңес алған дұрыс. Бірақ, салықтық есептілікке қол қою жауапкершілігі сізде қалады. Табысты адамдар кәсіби мамандарды не үшін жалдайтынын айқын біледі, олардың жұмысының мәнін түсінеді.
  10. Олар ақшаның соңына түскенімен, өздерінің құндылықтарын елеусіз қалдыруға жол бермейді. 
    Ақша сізге үлкен мүмкіндіктер береді. Осы арқылы сіз өз өміріңіздің сапасын да арттырасыз. Дегенмен, табысты адамдар қаржылық табысты сәтті өмірдің бір ғана аспектісі ретінде түсінеді. Мысалы, ақша қуып жүріп, денсаулығын ұмыту – нашар стратегия.

Ең бастысы – сіздің өз орныңызда бақытты болуыңыз!

«БЦК».

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.